Түркістан облысында «Айыптұрақтан көлікті шығарып беремін» деген алаяқ ұсталды

Сайрам АПБ арызданған жергілікті  тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізді. Соқтығысқан көлігін «айып тұрағынан шығарып беремін» деген күдікті 199 000 теңгесін алып, содан жасырынып жүргендігін көрсеткен. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабының "Алаяқтық" бойынша тіркелді.

Сайрамдық тәртіп сақшылары тұрғынның сеніміне кіріп, ақшасын алған күдікті тұрғынды тауып, қылмысты ашу мақсатында жедел- шараларды жүргізді. 

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші «Nexia» маркалы көлігімен Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасын жасайды. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының алдында жолыққан танысы «айып тұрағынан көлікті шығарып, оңтайлы шешім қабылдатып беремін» деп ақша сұраған. Содан сеніміне кіріп 199 000 теңгесін алған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. 

Бүгінгі таңда, алаяқтық жолмен азаматтарды алдап, сенімге кіріп, соңында полицейлердің көмегіне жүгініп жатқандар көбеюде. Сондықтан, Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері мүмкіндігінше сақ болып, кез-келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін айтады. Егерде сіз осындай қылмыстардың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, онда міндетті түрде полицияның жедел желісі «102» нөміріне хабарласыңыз.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер