Қоғамдық тыныштықты күзеткен отбасы

Ішкі істер саласында көбінде әке жолын жалғаған жандар қызмет етеді. Әкесі, не ағасының форма киіп жұмысқа кетуі, өзгелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қорғаушы қызметін атқарып жүргенін көріп өскен ұл-қыздары өсе келе осы бағытта қызметке орналасып жатады. Олай деуімізге себеп, елімізде, оның ішінде өңірімізде әулетімен полицейлер болған отбасылар көптеп кездеседі. Мәселен, осындай тәртіп сақшыларының жанұясы Бәйдібек ауданында да бар. Олар Абдраимовтар отбасы. Бүгінде әулеттің тірегі - Бауыржанның ұлдары Артық пен Абзал, әке жолын жалғап, темірдей тәртіпті қажет ететін, қиын да қауіпті саланың қызметкерлері атанған. 

image.png

Алғабас ауданы Жарықбас елдімекенің тумасы Бауыржан Абдраимов оқуын бітіріп, еңбек жолын 1982 жылы ҚР ІІМ Күзет мемлекеттік мекемесінің бөліміне жұмысқа орналасқан. Сол жерде 2007 жылға дейін абыройлы қызмет етіп, полиция старшинасы шенінде зейнеткерлік демалысына шыққан. Қазіргі таңда Бәйдібек АПБ Ардагерлер кеңесінің мүшесі, әрқашан қоғамдық жұмыстарға белсенділікпен қатысып, жас мамандарға көрген-білген ақылын айтып, тәжірибесімен бөлісіп отырады. 

Өз кезегінде Бауыржанның екі ұлы да «Әке көрген оқ жонар» дегендей, әке жолын жалғап, ішкі істер органына қызметке оранласқан. Үлкен ұлы Артық Абдраимов бүгінде, Бәйдібек ауданы полиция бөлімі кезекші бөлімшесінің аға кезекші лаузымында жұмыс жасайды. Шені полиция лейтенанты. Ал, екінші ұлы Абзал Абраимов, 2013 жылдан бері Бәйдібекте қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының полицейі лауазымында адал қызмет етіп келеді. Шені полиция аға сержанты. 

Ұлдарының елдің қамы үшін қызмет етіп, халықтың тыныштығын сақтауға өзіндік үлес қосып жүргенін көрген әкенің қуанышында шек жоқ. Бауыржан Абдраимовтың айтуынша, ұлдарының өздеріне жүктелген міндетті қиналмастан, асқан жауапкершілікпен мінсіз атқарғаны ең маңыздысы. Осыған орай, үнемі ізбасарларына жол сілтеп, жақсы мен жаманды үйретіп келеді. Жұртшылыққа тек ізгі қасиеттермен, жанашырлығымен танылған жанұя, қазір жапырағын жайған бәйтеректей өсіп-өніп келеді. Тәртіп пен төзім салтанат құрған отбасына тек амандық тілейміз!

ТО ПД-ның баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер