Түркістан облысының полицейлері миллион теңгеге алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

Ордабасы АПБ-ның кезекші бөліміне кезекті алаяқтың құрбаны болған бірнеше жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел алаяқтық арқылы олардан ақша алып, мемлекеттік бағдарламалардың бірі бойынша қайтарымсыз субсидия алып беруге уәде еткен. Жәбірленушілердің әрқайсысы осылайша  алаяқ азаматқа 100 мың теңгеден аударған. Содан соң ақшаны алып, осы оқиғадан кейін жоғалып кеткенін көрсеткен. 

image.png

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша СДТБТ-ға тіркеп, күдіктіні іздестіруге бірден кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ордабасы АПБ-ның  қызметкерлері күдіктіні ұстап,  полиция бөліміне жеткізді. Бүгінде күдікті азаматшаның 17 алаяқтық жайтына қатысы бар екені анықталды. Олардың әрқайсысынан 100 000 теңгеден алып отырған. Содан соң оңай жолмен тапқан табысын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсап жіберген. 

Қазіргі уақытта осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Тергеу күдікті әйелдің бұдан басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үстінде. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды күдікті қызмет ұсынатын бейтаныс адамдарға олардың амалдарына түспеу үшін сенбеуге шақырады. Сондай-ақ, жоқ передать аферистам ақша және жеке деректер, көз жеткізбей заңдылығын мәмілелер. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер