Түркістан полицейлері тереңдігі 5 метрлік дәретханаға түсіп кеткен 3 және 10 жастағы балаларды аман

Сарыағаш АПБ кезекшілігінің 102 нөміріне  жергілікті тұрғын  әйел хабарласып, үйінің ауласындағы дәретханасының ішіне өзінің 3 жасар ұлы мен 10 жасар қызының абайсызда түсіп кеткенін айтып көмек сұраған. Хабарламаны бірінші болып алған Сарыағаш АПБ учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры  Нұрдаулет Еділов  пен полиция капитаны Асыл Ережепов  сондай-ақ полиция аға лейтенанты Айсұлтан Сапар  оқиға болған жерге небары  2 минут ішінде жедел жетті. 

image.png

Содан полицейлер екі жасөспірімнің өміріне қауіп төнгенін ескеріп, ештеңеге қарамастан  балаларды құтқармаққа асығады. Себебі 5 метрлік әжетхана ішіндегі нәжіс 10 жасар қыздың иығына дейін жеткен. Ал жасөспірім қыз жанындағы 3 жасар бала, яғни інісін нәжіске батып кетпесі үшін көтеріп алып тұрады. Полицейлер құтқарудан кешіксе балалар иістен уланып қалуы да мүмкін еді, сондықтан қос қызметкер жедел түрде әрекет етіп, бетоннан жасалған әжетхана еденін темір құралымен соққылап бұзды. Бір жағынан тәртіп сақшылары әжетхана еденін бұзып жатып, ішіндегі балаларға қауіп төнбесі үшін, әдіспен әрекет етті. 

Содан соң полиция капитаны Асыл Ережепов арнайы жіпті беліне байлап, 5 метр тереңдіктегі әжетхана ішінен бірінші 3 жасар ұлды, артынша 10 жастағы қызды аман есен алып шықты.

 image.png

Осылайша Сарыағаш АПБ-ның қос полицейі өздерінің жедел әрекет етуі мен қалайда балаларды құтқаруға барын салып, қайсарлық танытып әрекет етуінің арқасында олар аман қалды. Осы ретте полицейлердің әрекетіне риза болған және балаларының әжетханадан аман шыққанына қуанған анасы Ажаркүл Саржанова  аналық алғысын айтты. 

«отбасымның ауласында келеңсіз жағдай орын алды сол себепті біз шұғыл түрде Сарыағаш ауданының полицейлеріне жедел түрде хабарластық. Сол мезетте тез арада келген Сарыағаш АПБ Қапланбек ауылының учаскелік полиция инспекторлары Асыл Ережепов пен  Нұрдәулет Еділов, Айсұлтан Сапаров келіп, өз көмектерін көрсетті. Шұғыл түрде аман есен балаларымды алып шықты. Сол себепті осы полиция қызметкерлеріне аналық алғысымды айтқым келеді және де осы қызметкерлер тиісті деңгейде марапатталса екен деймін. Жұмыстарына табыс тілеймін!», - деді. 

Содан соң осы оқиғаға куә болған тұрғынның көршілері де өз ризашылықтарын білдірді: «Бізге келіп айқайлап көмек сұрады. Полицейлерге хабарластық, небары 2 минут ішінде тез арада келіп, балаларды құтқарды. Оларға алғысымыз шексіз. Олар өте жақсы жұмыс істеді. Егер біздің учаскелік полицейіміз болмаса, біз оларды құтқара алмас едік. Үлкен рақмет полицейлерге!», - деді. 

Бүгінде полицейлердің басты міндеті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болғанымен, олар тұрғындарға көмек керек кезде бірінші кезекте қауіп-қатерге қарамастан  жедел әрекет етеді. Бұған дейін де қаншама тәртіп сақшылары ажал аузында қалған азаматтар мен балаларды құтқарып, алғыстарын алған болатын. Сондықтан киелі өңірдің полицейлері бұл бағыттағы жұмыстарды әрдайым назарда ұстамақ.   

ТО ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер