​Қаза тапқан тәртіп сақшыларының құрметіне құран бағышталды

Screenshot_12.jpg

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның мәжіліс залында кездесу ұйымдастырды. Шараға тәжік ұлтының этномәдени бірлестіктерінің басшысы Абрдрайым Мамрайымов пен Ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.  Шара барысында қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің ескерткіштеріне гүл қойылып,  сонымен қатар тәртіп сақшыларын Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтады.

Оған қоса қайтыс болған, өмірден өткен полицейлерді еске алу мақсатында дастархан жайылып, құран бағышталды.

Шараның соңы спорттан кіші футбол турнирімен жалғасын тапты.  Жарысқа Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция батальоны, аудандық полиция бөлімінің пробация қызметкерлері, ардагерлерден құралған команда және аудандық тәртіп сақшылары қатысты. Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция батальоны I орынды, Ардагерлер командасы II орынды иеленсе, Сарыағаш аудандық полиция бөлімі III орынды алды.

Шара соңында барлық  полиция қызметкерлерін ауданның құрметті азаматы Алмахан Мауленов Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер