Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният

Қарағандыда балалардың жаппай улануының себебін анықтау үшін анализ алынып, алдын ала нәтижесі белгілі болды, дер хабарлайды Rgmedia.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_20.jpg

"Дәрігерлер балалардың жағдайын тексеру барысында тағы 2 бала іші ауырғанын айтты. Олар ауруханаға жеткізілді, мамандардың бақылауында. Балалар улануының ауырлығы интоксикация және тыныс алудың жеткіліксіздігімен байланысты. Осы орайда зардап шеккен кейбір балалардың жағдайы өте ауыр болып тұр. Дәрігерлер ауру салдарымен күресіп жатыр", - деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, қазір бүкіл қажет талдаулар алынып жатыр. 

"Алдын ала болжам бойынша, тағам токсикоинфекциясы диагнозы күмән тудырады. Осыған дейінгі бақылау барысы көрсеткендей ішек инфекциясына ұқсамайды. Ол бойынша алдын ала анализ нәтижесі теріс. Қазір анализдер нақтыланып жатыр", - дейді ведомство басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 30-31 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алып жатқан 12 мүгедектігі бар бала Қарағанды қаласының көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды.

Оның ішінде 2009 жылы туған бала қайтыс болды.

1 тамызда медициналық көмек көрсету үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан тағы 2 бала келіп түсті.

Осылайша қазіргі уақытта ауруханада 13 мүгедектігі бар бала ем қабылдап жатыр.

Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жоғарыда аталған 13 баладан басқа тағы 147 мүгедектігі бар бала тұрады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер