Ақтауда құлаған ұшаққа сырттан зақым келгені анықталды

image.png

Көлік министрлігі Azerbaijan Airlines әуе компаниясының апатқа ұшыраған Embraer-190 ұшағына қатысты тергеудің алдын ала есебін жариялады, деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі.

Ұшаққа зақым келгені анықталды. Көлік министрлігі жариялаған тергеудің алдын ала есебі 53 беттен тұрады. Ондағы ақпарға сүйенсек, бөгде металл затпен ұшақтың артқы және төменгі бөлігіне зақым келген. Әуе көлігінің сол жақ қанатында да осы тектес зақымдану бар. Есепте көрсетілген фотосуреттер бұған дәлел. Апаттың себебін тергеу жұмыстары бір айдан астам уақытқа созылды. Естеріңізде болса, Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ол Бакуден Грозныйға бағыт алды, бірақ басқаруды жоғалтып, діттеген жеріне жете алмады. Экипаж мүшелері таңғы сағат 5:13-те қиындыққа ұшырады. Соққы болды, автопилотты өшірудің дыбыстық дабылы іске қосылды. Металл заттар гидравликалық жүйелерді зақымдады. Олардан сұйықтық ағып кетті, бұл рөлдің істен шығуына себеп болуы мүмкін. Есепте Грозный, Ростов және Ақтау әуежайларының диспетчерлерімен экипаждың келіссөздері де баяндалған. Экипаж басқаруды жоғалтып жатқанын хабарлайды. Рөлдік басқару істен шыққаннан кейін арада жарты сағат өткен соң ұшақты Ақтауға қоныдыру туралы шешім қабылданды. Бірақ жермен соқтығысу тіркелді. Ұшақ бірнеше бөлікке бөлінді. Пилоттық кабиналар мен ұшақтың оң қанат бөлігі отқа оранды. Бортта 67 адам болған. Оның алтауы Қазақстан, қалғандары Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтары. Өкінішке қарай 38 адам қаза тапты. Осы тұста айта кеткен жөн, Қазақстан тарапы барынша шапшаң әрекет етті. Құтқарушылар тез арада өртті сөндіріп, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. ТЖМ қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында 29 адам аман қалды.  Біздің құтқарушылар, жергілікті азматтар тез жетіп, өздеріне қауіп болғанына қарамай апатқа ұшыраған ұшақтан адамдарды алып шықты. Соның арқасында бортта болған 67 адамның 38-і қаза болғанмен, қалғаны аман қалды. Осыны Әзербайжан тарапы ескеріп, президент Әлиев те алғысын айтқан еді. Сол мезгілде Астанадан санавиация аттанып, Ақтауда барлық күштік құрылымдар, медицина барынша әрекет етті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақтауда құлаған ұшаққа сырттан зақым келгені анықталды
  • Оралда 25 жыл бұрынғы кісі өлімі ашылды
  • Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот шешімі қашан шығатыны белгілі болды
  • Қазақстан халқының нақты саны жарияланды
  • Қазақстан Тәжікстанға 5 мың тонна мазут мен азық-түлік берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер