Жемқорлық бойынша Қазақстан халықаралық рейтингте қай орында?

image.png

Transparency International "Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі" халықаралық рейтингісі жарияланды.  Рейтингте 2024 жылы Қазақстанның нәтижелері жақсарған деп хабарлайды  Rgmedia.kz.

«Еліміз 40 ұпай жинап, 180 ел арасында 5 орынға көтерілді (88-орын). Бұл — сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді шаралардың арқасында қол жеткізілген жаңа тарихи көрсеткіш», — деп жазылған Антикор хабарламасында.

Әлем бойынша орташа балл — 43, ал Шығыс Еуропа және Орталық Азия аймағында (19 ел) 35 болды.

Қазақстан рейтингі 2016 жылдан бастап айтарлықтай өскен ел ретінде атап өтілді: 11 баллға (29 баллдан) өскен.

«Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді және рейтингті жақсартқан жалғыз ел. Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан», — деп жазылған хабарламада.

Жемқорлықты қабылдау индексі — Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған композиттік индекс. Рейтинг мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың сараптамалық және бизнес бағалауларына негізделген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қайта құрылды – ҰҚК мәлімдеме жасады
  • Саида Мирзиёева Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымын иеленді
  • СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстан мен Қытай басшылары 24 құжатқа қол қойды
  • Таяу Шығыстағы шиеленіс: Дубайдан қазақстандық туристерді жеткізген екі ұшақ Алматыға қонды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер