Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

image.png

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, бас штабтың жетекшісі Сұлтан Камалетдинов сенат брифингінде журналистердің сұрағына қазақ тілінде жауап беруден бас тартты. Бұл туралы RGmedia.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Журналистер брифинг барысында сенатта талқыланған резервтегі қызмет жайлы сауал қойған еді. Вице-министр конституциялық құқығы барын айтып, сұраққа орыс тілінде жауап берді. 

“Әскери қызметкердің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады. Мен конституциялық құқығыма сәйкес қай тілде жауап беруді таңдасам, сол тілде жауап бере аламын. Сонымен қатар жиын өктізген кезде азаматтар барлық әскерилер секілді жеңілдіктерді пайдалана алады. Оның ішінде тамақпен қамтамасыз ету, құрал-жабдықтар мен медициналық көмек бар”, – деді Камалетдинов. 

Вице-министрдің сөзінше, аталған заң жобасы елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін нығайту үшін маңызды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды
  • Министр ел бюджетінің донор өңірлерін атады
  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Украина Президенті Түркияға барды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер