«Ауыл партиясы» фракциясының мәжілісінде партияның ағымдағы жұмыстарына байланысты бірқатар мәселе қаралды. Сондай-ақ мәжіліс барысында партияның Саяси Кеңесінің Төралқасына Мәжіліс депутаты, фракция өкілі Жигули Дайрабаевты партия төрағасының орынбасары лауазымынан босату туралы мәселені қарау ұсынылған. Бұл туралы бүгін «Ауыл» партиясының ресми сайтынан мәлім болды.
Сайтта сонымен қатар «Ауыл» партиясы Саяси Кеңесі төралқасының отырысы өткені айтылған. Күн тәртібінде екі мәселе қаралған.
- Бірінші мәселе Ақтөбе өңірлік филиалының партия Жарғысын өрескел бұзуы болды. Атап айтқанда, бекітілген тәртіпті бұза отырып, облыстық мәслихат депутатының мандатын қайта бөлу жүргізілді. Төралқа мүшелері Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы А. Базарғалиевке жеке және партиялық іске енгізе отырып, қатаң сөгіс жариялау түрінде жауапқа тарту туралы шешім қабылдады. Екінші мәселе партия төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаевты қызметінен босатуға қатысты болды. Төралқа мүшелері бұл шешімге бірауыздан дауыс берді, - делінген партияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы 1954 жылы 29 қазанда туған.
1981 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолы:
1972 – 1974 Жамбыл облысындағы «Луговской» колхозы шопанның көмекшісі
1974 – 1977 «Луговской» колхозы Комсомол комитетінің хатшысы, нұсқаушысы
1977 – 1980 Жамбыл облысы «Коммунизм жолы» колхозының кәсіподақ комитетінің төрағасы
1982 – 1984 Жамбыл обласы Каменский ауылдық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің төрағасы
1984 - 1985 Жамбыл облысы, аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы
1985 – 1987 Жамбыл облысы «Алғабас» совхозының хатшысы
1987 – 1997 Жамбыл облысы Жамбыл атындағы колхозы басқармасының төрағасы
1995 - 1995 Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
1995 - 1997 Жамбыл облысы «Қорагаты» совхозының директоры,
1997 - 2001 Т. Рысқұлов ауданы статистика басқармасының бастығы
2001 – 2009 «KAZEXIM-MERKE» ЖШС атқарушы директоры
2009 – 2016 «MOLBAL» ЖШС директоры
2016 – 2017 «Дидар» ШҚ басшысының кеңесшісі
2019 – «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» ЖК және ЗТ бірлестігі басқармасының төрағасы, Астана қаласы.
2023 жылдан бері «Ауыл» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.
2001 «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»
2016 «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»
2021 юбилейная медаль «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл»
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.