Reuters агенттігінің АҚШ әкімшілігіндегі дереккөзі АҚШ пен Украина президенттері қол қоюы тиіс минералдар туралы келісімге қол қойылмай қалғанын жеткізді деп хабарлайды rgmedia.kz.
АҚШ пен Украина президенттерінің Вашингтонда өткен кездесуі аяқсыз қалды. Тараптар Украинаның жер қойнауы туралы аралық келісімге қол қоймады. Олар жабық есік жағдайындағы қызу пікірталастан соң кездесуді шұғыл тоқтатты.
Владимир Зеленскийді құрметсіздік танытты деп айыптаған Дональд Трамп, бірден Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазба қалдырды.
Оның ойынша, Украина президенті бейбітшілікке дайын емес.
- Бүгін біз үшін өте маңызды кездесу болды. Біз осындай қызу әңгіменің және қысымның әсерімен болмаса басқадай жағдайда еш түсінуге болмайтын нәрселер туралы білдік, - деп жазды Трамп.
- Бұндай эмоциядан нені түсінуге болады. Менің түсінгенім, Зеленский АҚШ араласқалы отырған бейбітшілікке дайын емес. Ол біздің қатысуымыз келіссөздер барысында оған үлкен басымдық береді деп ойлайды, -
- Маған басымдық керек емес, маған бейбітшілік керек. Ол бізге құрметсіздік танытты. Ол бейбітшілікке дайын болған кезде келе алады, - деп жазды АҚШ президенті.
Зеленский Ақ үйден шығып кетті.