Трамп Қазақстанға Орталық Азиядағы ең жоғары кедендік баж салығын енгізді

image.png

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақүйде өткен баспасөз мәслихатында 180-нен астам елге жаңа сауда тарифтерін енгізетінін мәлімдеді деп жазады rgmedia.kz тілшісі.  Олардың қатарында Қазақстан да бар. Бір қызығы тізімде бұрынғы Кеңес Одағының басқа да мемлекеттері болғанымен Ресей жоқ.

Трамп осылайша шетелдік мемлекеттердің бұрын АҚШ тауарларына жоғары салықтар салғанына жауап бергенін айтты. Оның сөзінше, жаңа механизмге сәйкес, АҚШ өзіне қарсы қолданылған тарифтердің жартысына тең мөлшерде баж салығын енгізеді.

“Біз енді басқалар пайдаланатын ел болғымыз келмейді. Бұл шаралар америкалық өнеркәсіп пен жұмыс орындарын қорғауға бағытталған”, – Трамп.

АҚШ президенті әр түрлі елдерге арналған есептеулер көрсетілген кестені таныстырды. Кей мемлекеттерге енгізілген баж салығының мөлшері 50%-ға дейін жетеді.

Айта кетеу керек, Қазақстан жоғары тарифтер енгізілген елдердің қатарында. Қазақстанға осы өңірдегі ең жоғары мөлшерлемелердің бірі – 27% белгіленді.

Молдова – 31%;

Қазақстан – 27%;

Армения – 10%;

Әзербайжан – 10%;

Грузия – 10%;

Өзбекстан – 10%;

Түрікменстан – 10%;

Қырғызстан – 10%;

Тәжікстан – 10%.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Украина Президенті Түркияға барды
  • LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
  • Трамп Үндістан мен Пәкістандағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер