Украидағы соғыс: Макрон Еуропаның өкілі болуға дайын

image.png

Франция президенті Эммануэль Макрон Украинадағы соғысты тоқтату туралы келіссөздерде Еуропаның өкілі болуға дайын. Бұл туралы The Telegraph жазады деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі. Франция президенті Макрон мен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Украинадағы атысты тоқтату туралы келісімге қол қою мақсатында елдер тобын басқарып, Ресеймен келіссөздер жүргізуге ең ықтимал тұлғалар ретінде таңдалды.  Алайда, The Telegraph хабарлауынша, Кир Стармер Путинмен келіссөздер жүргізуді жоспарламайды. Елисей сарайының дереккөзі Макронның бұл рөлді “уақыты келгенде” қабылдауға дайын екенін айтты.  Макрон мен Путин соңғы рет 2022 жылдың 7 ақпанында Мәскеуде атышулы ұзын үстелдің бойында кездескен болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • TikTok пен YouTube жасөспірімдерге тәуелділік туғызу айыптарымен сотқа тартылады
  • ШҚО-да кәсіпкерлерге 140-қа жуық заңсыз тексеру жүргізілген
  • ҰҚК 4,5 млрд. теңге алаяқтық жасаған OrdaMed басшылығын құрықтады
  • Қазақстандықтардың үкіметке сенімі азайып барады
  • Трамп Давоста Зеленскиймен кездесуі қалай өткенін айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер