Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысатын қазақстандықтарға қандай жаза қолданылады?

image.png

ІМ баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде өзге мемлекеттердің қарулы күштерімен келісім жасасу арқылы ақшалай сыйақы алу ұсынысы бар жарнама мен бейнероликтердің тарала бастағанына алаңдаушылық білідіріп,  ақшалай сыйақы алу мақсатында шетелдегі әскери іс-қимылдарға қатысатын қазақстандықтарға шара қолданылатынын мәлімдеді. 

— Қарулы қақтығыстарға қатысқан жағдайда ҚР Қылмыстық кодексіне сай қылмыстық жауаптылық шаралары көзделген. Қазақстандық азамат шет мемлекеттің аумағында қарулы қақтығысқа немесе әскери іс-қимылдарға қатысқаны үшін жалдамалық белгілер болмаған кезде (ҚК-нің 172-бабы) 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауаптылық қарастырылады, — деп ескертеді ІІМ.

Ал жалдамалы болғаны үшін (ҚК-нің 170-бабы) іс-әрекеттің ауырлығына қарай 7 жылдан бастап мерзімге бас бостандығынан айыру не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

ІІМ азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және елеулі құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге қатысудан бас тартуға қатаң кеңес береді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Украина Президенті Түркияға барды
  • LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
  • Трамп Үндістан мен Пәкістандағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер