2022 жылдың 28 ақпанында Ресей елге жаппай басып кіруді бастағаннан кейін төрт күн өткен соң, Еуропалық Одаққаға қосылуға өтініш берген болатын. Президент Владимир Зеленский өтінішті "жаңа ерекше тәртіп" аясында қарауды тездетуді сұраған. 2022 жылы 23 маусымда Еуропарламент Украинаға дереу кандидат ел мәртебесін беруді талап ететін қарар қабылдады, оны Кеңес сол күні қабылдады.
Дегенмен, Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сийярто Будапешт Закарпатьедегі венгр азшылықтарының құқықтарын қалпына келтірмей, Украинаның Еуропалық Одаққа мүшелігі туралы келіссөздерді қолдамайтынын мәлімдеген.
Брюссельде өткен ЕО-Украина іскерлік саммитінде Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль "Украинаның ЕО-ға қосылуын жеделдету – жай ғана ынтымақтастық белгісі емес, бұл Еуропаның күш-қуатына салынған инвестиция. Біз еуропалық көшбасшыларды Украинаның интеграциясын тездетуге және толық мүшелікке жолымызды қысқартуға шақырамыз", – деген болатын.