Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды

image.png

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін елімізге келген БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) бас директоры Цюй Дунъюймен кездесу өткізді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығының орнықты дамуын қамтамасыз етуде Қазақстанның Ұйыммен ынтымақтастығы маңызды екенін атап өтті. Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі FAO бюросымен тығыз серіктестік орнатып, 27 жобаны табысты жүзеге асырды. 

Қазіргі уақытта қуаңшылық пен ауылшаруашылық алқаптарының сортаңдануы жағдайында табиғи ресурстарды басқару, орнықты аквамәдени даму, топырақ құнарын сақтау секілді салаларда тағы 14 жоба іске асырылып жатыр.

Цюй Дунъюй Қазақстанның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек көрсету ісінде айтарлықтай рөл атқаратынын айтты.

Әңгімелесу барысында ұлттық алма бренді саналатын Алматы апортына ерекше назар аударылды. Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Цюй Дунъюй өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Қытай басшылары 24 құжатқа қол қойды
  • Таяу Шығыстағы шиеленіс: Дубайдан қазақстандық туристерді жеткізген екі ұшақ Алматыға қонды
  • Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады
  • Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды
  • Министр ел бюджетінің донор өңірлерін атады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер