Министр ел бюджетінің донор өңірлерін атады

image.png

Мәжілісте «Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау жөніндегі жаңа тәсілдер» тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағатында  Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин республика бюджетінің донорына айналған өңірлерді атады деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі.

— Бүгінде 20 өңірдің 17-сі субвенциялық, орталыққа тәуелділік 49 пайыз деңгейінде сақталып отыр. Қалған үш аймақ — Алматы, Астана қаласы және Атырау облысы донор болып отыр. Бірақ бұл «шартты» көрсеткіш екенін мойындау керек, орталықтан қосымша трансферттерді донор аймақтар да алып отыр. Мегаполис қалаларда, облыстарда ірі жобалардың көпшілігі орталықтан жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз метрополитен құрылысы, Астана қаласының жаңа көлік жүйесі яғни LRT, жайлы мектептер, көліктік және өзге де инфрақұрылымды дамыту жобалары. Үкімет жұмысының одан әрі екпіні даму институттарының қарқынын, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың бюджеттен тыс құралдарын, мемлекеттік қолдау шараларын дамыту арқылы өңірлердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге бағытталады. Жалпы, қабылданып жатқан шаралардан салық салу базасының одан әрі кеңеюі, жалпы өңірлердің салық әлеуетінің дамуы күтіледі, — деді министр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Қытай басшылары 24 құжатқа қол қойды
  • Таяу Шығыстағы шиеленіс: Дубайдан қазақстандық туристерді жеткізген екі ұшақ Алматыға қонды
  • Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады
  • Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды
  • Министр ел бюджетінің донор өңірлерін атады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер