Ақан Әбдуәлиев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

20180830132720.jpg

Алматы облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болып Ақан Әбдуәлиев тағайындалды. Бұл туралы ақпаратты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратты.

«Облыс әкімі Амандық Баталов өңір активін жаңа орынбасарымен таныстырды. Президент Әкімшілігінің келісуімен және әкімнің Өкімімен бұл лауазымға Ақан Әбдуәлиев тағайындалды. Өңір басшысы орынбасарының алдына қойылған бірқатар міндетті атап өтіп, олардың кейбірін қысқа мерзім ішінде орындау керектігін айтты», - делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ақан Әдуәлиев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2005 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған.  Кей жылдары Сүйінбай атындағы облыстық филармонияда, Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде (солист), Құрманғазы атындағы Қазақ өнер академиясында (оқытушы), Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясының «Дәстүрлі ән» кафедрасында (декан) қызмет атқарды. 2008-2015 жылдар аралығында Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған қазақ музыка мектеп-интернатында музыкалық жұмыстар бойынша директор, кейін мектеп-интернатының директоры болды. 2015 жылы 16 қаңтарда Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры болып тағайындалды. 2016 жылдың 1 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарды.  

Ақан Әбдуәлиевке дейін Алматы облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін Жақсылық Омар атқарған болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер