ҰҚК 4,5 млрд. теңге алаяқтық жасаған OrdaMed басшылығын құрықтады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда медициналық бұйымдарды жалған өндіру схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_18.jpg

ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәліметінше, OrdaMed АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісінің бар екені жөнінде жалған құжаттарды пайдаланып, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін аса қажетті 28 түрлі медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізу бойынша заңсыз преференциялар алған.

«Алайда іс жүзінде дайын жабдық шетелден жеткізілген. Соның салдарынан мемлекетке 4,5 миллиард теңге көлемінде залал келтірілді. Тінту барысында OrdaMed АҚ басшылығынан жалпы құны 1 миллиард теңгеден асатын инвестициялық монеталар тәркіленіп, Interdentica, Erkin Brand және OrdaMed компанияларындағы қатысу үлестеріне тыйым салынды», – деп хабарлады ҰҚК.

Сот санкциясымен OrdaMed АҚ-ның техникалық директоры, басқарма төрағасының бұрынғы төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҰҚК 4,5 млрд. теңге алаяқтық жасаған OrdaMed басшылығын құрықтады
  • Қазақстандықтардың үкіметке сенімі азайып барады
  • Трамп Давоста Зеленскиймен кездесуі қалай өткенін айтты
  • Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы қайғылы оқиғаның қалай болғанын айтып берді
  • Қазақстандық әйел өз баласын жылу батареясына байлап, аяусыз ұрып-соққан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер