ШҚО-да кәсіпкерлерге 140-қа жуық заңсыз тексеру жүргізілген

image.png

Шығыс Қазақстан облысында бір жыл ішінде кәсіпкерлерге 138 заңсыз тексеру жүргізілгені анықталды. Тексеру қорытындылары бойынша 41 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Бизнес өкілдеріне жүргізілген тексерудің заңды немесе заңсыз екенін қалай ажыратуға болатыны ШҚО-дағы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында талқыланды.

Кез келген тексеріс басталмас бұрын ол Тексерулерді есепке алу мен тіркеудің бірыңғай жүйесіне тіркелуі тиіс. Тексеру актісі QR-кодпен рәсімделеді, оның көмегімен кәсіпкер бақылаушы орган өкілдері әрекетінің заңдылығын бірден тексере алады. Егер тіркеу болмаса, мерзімдер сақталмаса немесе тексеру анонимді шағым негізінде басталса — мұның бәрі оны заңсыз деп тануға негіз болады.

Мәселен, 2025 жылы ШҚО бойынша барлығы 3 776 тексеру тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 73 пайызға көп. Алайда жеке бизнеске қатысты тексерулер саны 41 пайызға қысқарып, 2 111-ді құрады. Соған қарамастан, жүйелі заңбұзушылықтар да анықталды. 28 тексеру тіркеуден өткізілмей тоқтатылса, 138-і заңсыз деп танылған.

— Бизнес өкілдері бақылау қай жерде аяқталып, құқық бұзушылық қай жерде басталатынын нақты түсінуі тиіс. Тіркеусіз тексеру — бұл бақылау емес, қысым, — деді кеңес төрағасы Игорь Шацкий.

Мониторинг қорытындысы бойынша заңбұзушылықтарды жою туралы 9 ұсыныс енгізіліп, 10 тәртіптік және 23 әкімшілік іс қозғалды. Жалпы саны 41 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • TikTok пен YouTube жасөспірімдерге тәуелділік туғызу айыптарымен сотқа тартылады
  • ШҚО-да кәсіпкерлерге 140-қа жуық заңсыз тексеру жүргізілген
  • ҰҚК 4,5 млрд. теңге алаяқтық жасаған OrdaMed басшылығын құрықтады
  • Қазақстандықтардың үкіметке сенімі азайып барады
  • Трамп Давоста Зеленскиймен кездесуі қалай өткенін айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер