Қазақстандағы ең жемқорлыққа жақын өңір анықталды

Screenshot_1.jpg

Ағымдағы жылдың сегіз айында Қазақстанда 813 адам жемқорлық фактісімен жауапқа тартылды.  Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ресми өкілдің айтуынша, ағымдағы жылдың 8 айында елімізде 1393 жемқорлық қылмысы тіркелген. Олардың басым бөлігі, атап айтқанда 112-сі елордада анықталған. 

«Өйткені, мемлекеттік қызметішлердің басым бөлігі Астанада тұрып, жұмыс істейді. Бұл жерде барлық мемлекеттік органдар шоғырланған. Мұнан кейінгі орында Қостанай мен Түркістан облыстары тұр. Бұл өңірлерде жасалған жемқорлық қылмыстар сәйкесінше 109 және 108-ді құрайды. Жемқорлықтың ең төменгі деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Аталған өңірде 8 айдың ішінде мұндай 52 құқықбұзушылық орын алған», - деді ол. 

Оның дерегінше, жемқорлық  фактісі үшін жауапқа тартылған 813 адамның 653-і ерлер, 160-сы әйелдер. 

«Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін республикалық деңгейдегі - 19, облыстық деңгейдегі - 62 және аудандық деңгейдегі 115 басшы жауапкершілікке тартылды», - деді Жанна Бастарова. 

Сонымен қатар ресми өкіл 8 айдың ішінде Ұлттық бюро 400-ге жуық  бизнестің құқығын қорғағандығын атап өтті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер