Аша Матай дінге кіріп кеткен абысындарымен араласпайтынын ашық айтты

Screenshot_1.jpg

Танымал тележүргізуші Аша Матай өзінің өнердегі абысындарымен мүлде араласпайтынын айтты. "Mysterions"-тың әншісіне тұрмысқа шыққан ару топ құрамындағы Дильен мен Ильястың жұбайларын өмірде көрмеген болып шықты. Әнші жігіттер отбасылық жиындарға әйелдерін ертіп апармайды екен. Бұл туралы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Расымен, өтірік айтып не керек. Оларды мен көрмедім, шын. Дильен мен Ильястың жұбайларын көрген емеспін. Білмеймін неге екенін, солай енді. Отбасылық кездесулерге де жігіттер өздері ғана келеді" , - деп айтты әнші.

Аша Матай екі әншінің де әйелі дін жолындағы арулар болғандықтан, шоу-бизнес жұлдызымен қарым-қатынас орнатқысы келмеген болар деп болжады.

Ал жиі ұйымдастырылып тұратын отбасылық жиындарға Ильяс пен Дильен жалғыз ғана келіп тұрады екен.

Көпшілік, Mysterions тобындағы жігіттердің "бір-бірімен араласпайтын" әйелдерін Rіngo-лық "тату-тәтті" келіндермен салыстыра бастады.

Желі оқырмандарының айтуынша, бұл топтың абысындары жақын араласып, өзара құрбы болып алған.

Бағдарлама үзіндісі Instagram желісіндегі qazaq_star парақшасында жарияланды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер