Түймебаевтың екі жылдығы елеусіз қалды

2.jpg

Өткен аптада Жансейіт Түймебаевтың облыс әкімі қызметіне тағайындалғанына екі жыл толыпты. Оңтүстіктің атқамінерлері екі жылдықты елеусіз қалдырды.

Елеусіздеу қалатын да жөні бар сияқты. Неге десеңіз, осыдан екі жыл бұрын 6 қазанда Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Бәрі күні кешегідей есте. Облыстың жаңа әкімін жаңа ұжымына Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев әкеліп таныстырды.  Осы өңірдің топырағында туып-өскен азаматты Оңтүстіктің халқы да жылы қабылдаған...Бірақ өздеріңізге белгілі, биыл маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы таратылды. Шымкент өз алдына, Түркістан облысы өз алдына отау тікті. Сол маусымда Жансейіт Түймебаев Президенттің Жарлығымен Түркістан облысының әкімі болып бекітілді. Енді өзіңіз ойланып көріңіз, Түймебаевтың әкімдік дәуірі қай кезден басталады. 2016 жылдың қазанынан ба, әлде 2018 жылдың маусымынан ба? Бұл сұраққа жауап табу қиын. Бірақ қалай десек те, Түймебаев облыстың оныншы әкімі, Түркістан облысының тұңғыш әкімі болып қала береді. Енді Түймебаевтың екі жылдық әкімдік кезеңі несімен есте қалды деген сауалға жауап іздеп көрсек.

Бұған дейін әкімдік қызметтің отымен кіріп, күлімен шықпады демесеңіз, Оңтүстікке әкім болып келген Түймебаевтың басшылық, ұйымдастырушылық тәжірибесі аз емес еді. Түймебаев өңірде біршама оң бастамаларға мұрындық болды. Қарамағындағы кадрларға талапты қатаңырақ қойды. Облыста біраз басқарма басшысы креслосының бос тұрғаны, бұл орынға лайықты кадрды іріктеудің тым ұзаққа созылып кеткені осыны аңғартатын сияқты. Түймебаевтың дәуірінде облыста біраз дәстүрлер пайда болды. «Наурыз Қазығұрттан басталады» іс-шарасынан кейін әр ай сайын әр ауданда ұлттық дәстүрді, өзіміздегі бар дүниелерді танытатын, паш ететін шараларды өткізу үрдіске айналды. Мәселен, Мақтааралдағы «Қауын фест», Төлебиде суретшілердің форумы (сәтін салса, Шардарада сафариге шығамыз, тағысын тағылар).  

Түймебаевтың  алғашқы бір жылы у-шусыз өтсе де екінші жылы екіге бөлумен есте қалыпты. Көктемде ұзақ жылдардан бері қанша айтылса да бірақ іске аспай келген Мақтаарал мен Сарыағаш аудандарын екіге бөлу нақты іске аса бастады. Алғашқыда Мақтааралды: Асықата, Жетісай және Мақтаарал аудандарына, ал Сарыағашты: Сарыағаш, Келес аудандарына, бұрынғы тарихи шекараларымен қайта бөлу жөніндегі шешім алдымен аудандық мәслихаттарда, кейіннен облыстық мәслихатта қабылданды. Кейіннен Мақтааралға қатысты шешім Астанаға кері қайтарылып, аудан, Мақтаарал, Жетісай болып, екіге бөлінетін болды. Бұған мақтааралдық біраз шалдардың реніш білдіргені де рас. Ақыр аяғында Сарыағаш: Сарыағаш пен Келес болып, Мақтаарал: Жетісай мен Мақтаарал болып екіге бөлінді. Облыста жаңадан төрт аудан құрылып, ел мәре-сәре болды. Жаңа аудандарды Түймебаевтың өзі арнайы құттықтап барып, Келес пен Мақтааралда қуаныш мерекеге ұласты.

Бұдан кейін жоғарыда айтқанымыздай, жаңадан Түркістан облысы құрылып, Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілді. Мұндай тарихи шешімді іске асыру да Түймебаевтың тұсында жүзеге асты.

Яғни, тарихи Түймебаев десек жарасатын сияқты. Биыл жасы алпысқа толған Түймебаев өңір тізгінін қанша жыл ұстаса да ол облыстың тұңғыш әкімі, жаңа әкімшілік аумақтың іргетасын қалаған басшы ретінде есте қалары анық.

...Әйтеуір, Түркістанда әзірге бәрі тыныш. Тарихи әкімнің жұмысына табыс тілейміз. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер