Министр Қазақстан халқының орташа жалақысы 158 мың теңгеден асқанын айтты

Screenshot_9.jpg

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы орташа жалақы көлемін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері 414,5 мың адам жұмысқа орналасқан және қазан айында жұмыссыздық деңгейі 4,8% дейін төмендеген.

«Жалақы бір қалыпты қарқынмен өсуде. Биылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық жалақы 158,2 мың теңгеге дейін ұлғайды. Жалақының өсуі және инфляциялық процесстердің бәсеңдеуі аясында нақты ақшалай табыс биылғы қаңтар-тамызда 3,5%-ке өсті», - деп атап өтті Тимур Сүлейменов бүгінгі Үкімет отырысында.

Дегенмен, халықтың табысы бойынша өңірлерде түрлі көрсеткіштер байқалған.

«Биылғы қаңтар-маусым айларында 17 өңірдің 13-інде нақты табыстардың өсуі байқалып отыр. Сонымен бірге, 4 өңірде нақты табыстар азайған. Олар - Маңғыстау (-4,5%), Қызылорда (-2,6%), Алматы (-0,4%) облыстары және Алматы қаласы (-0,6%)», - деді Т. Сүлейменов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Украина Президенті Түркияға барды
  • LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
  • Трамп Үндістан мен Пәкістандағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
  • Үшінші рет президенттікке үміткер болу жоспарымда жоқ – Трамп
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер