Назарбаев Путиннің ұлы адам екенін айтты

Screenshot_2.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей федерациясының әлемдік аренадағы ықпалы мен орны осы мемлекеттің басшысы Владимир Путинмен байланысты екенін айтты. Оның сөзінше, ресейлік көшбасшы елін алпауыт мемлекетке айналдыра алды. Бұл туралы "Россия 24"-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Нұрсұлан Назарбаев Ресейде 20 жылдың ішінде үлкен өзгерістің болғанына тоқталды. Соның ішінде барлық жетістіктің бейбіт жолда өткендігін айта кетті. 

Елбасының айтуынша, егер сыртқы факторлар болмағанда, біздің көршіміз бұдан да үлкен жетістікке жететін еді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Владимир Путинді әлемдік масштабтағы саясаткер деп санайтынын жеткізді. Елбасымыздың айтуынша, барлық сыртқы факторларға қарамастан Путин өз міндетін жоғары деңгейде атқаруда.

"Мен Путинмен жиі әңгімелесіп, ашық сөйлесемін. Әртүрлі тақырыпты талқылаймын. Қазіргі уақытта ол дайындығы жоғары адам. Әлемдік саясат пен өзара қатынасты жақсы меңгерген тұлға және Ресейдің ұлы патриоты.

Ол Ресейді жан-тәнімен қорғайды және Путинсіз Ресейді елестету мүмкін емес" – деді Елбасы.

Назарбаевтың сөзінше, Путин алғаш рет билікке келгенде, көршіміз Кавказбен соғысып құлдырап тұрған. Ол осы жағдайдың өзін реттеп, елдегі жағдайды тұрақтандыра алған.

Сонымен қатар, Ресейдің дамуы ынтымақтастық орнатқысы келетін басқа да елдерге үлкен мүмкіндік беретінін айтып өтті.

Еске сала кетсек, 6 желтоқсан күні Санк-Петербургте Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы болды. Бұл жиналысқа Нұрсұлтан Назарбаев та қатысқан болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп 2037 жылға дейін президент болуы мүмкін
  • Қазақстан АҚШ-қа Алматыдан 49 жылға жалға жер береді
  • Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді
  • Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге тыйым салды
  • АҚШ Джон Кеннедидің өліміне байланысты құжаттарды жариялады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер