Шпекбаев сағат 18.30-дан кейін жұмыста қалып істейтіндер артық шығын алып келетінін айтты

Screenshot_1.jpg

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мемлекеттік қызметшілердің негізсіз артық жұмыс істеуіне қатысты пікір білдірді. Бұл жөнінде Baq.kz  хабарлайды.

"Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілердің негізсіз артық жұмыс істеуін болдырмау туралы айқын нұсқау берді. Маңызды зерттеулердің барлығы үздіксіз шамадан тыс жүктемелердің тек ғана еңбек өнімділігін төмендетіндігі туралы куәландырады. Атап айтқанда, америкалық зерттеулердің деректері бойынша, 8 сағаттық жұмыс күнінің соңына қарай қателіктер саны орта есеппен 10%-ға өссе, 10 сағаттық жұмыс күнінің соңына қарай бұл көрсеткіш, шамамен, 30%-ды құрайды" - деді ол.

Сонымен қатар, Алик Шпекбаев екі айда артық жұмыс істеуге жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

"Біз әзірге мемлекеттік қызметшілердің 8 сағат және 5 күн форматындағы жұмысының ұтымды режимі үшін күш жұмсап жатқан уақытта, бірқатар алдыңғы қатарлы компанияларда 6 сағаттық жұмыс күні енгізілген, ал жұма – қашықтан жұмыс істеу күні болып табылады. Біз 2 ай ішінде барлық мемлекеттік аппаратта артық жұмыс істеудің жол берілмеуіне қатысты ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргіздік" - дейді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, жұмыстан тыс, артық жұмыс істеу әкімшілік шығындардың өсуіне жол береді.

"Қызметшілердің сағат 18:30-дан кейін жұмыс орындарында жаппай болуы тағы да бір проблема – әкімшілік шығыстардың өсуіне әкеп соқтырады. Агенттікте де артық жұмыс істеу проблемасы орын алды. Алайда, біз оны тез арада шештік. Бірнеше тексерулер жүргіздік, нәтижесі бойынша кінәлі деп танылған қызметкерлерді және олардың тікелей басшыларын үстемеақыдан айырдық. Нәтижесінде, әріптестерім жұмыстарын уақтылы аяқтайтын болды және оларға жұмыстарын тиімді және нәтижелі орындау үшін 8 сағат әбден жеткілікті. Осы тұрғыдан, Стив Джобстың сөзін келтіргім келіп отыр: «тәулігіне 12 сағат емес, керісінше, баспен жұмыс істеу керек». Бұл мемлекеттік қызметтегі жұмысы тиімсіз әрі ұтымсыз тыным таппайтындар үшін орынды айтылған кеңес" - дейді ол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер