Келесі жылы доллар бағамы 400 теңгеге жетуі мүмкін

243e1c360761e03f881223c4ec0.jpg

Экономистер  2019 жылға болжам жасауға кірісті. Дәл қазір мамандардың пікірі екіге жарылып тұр. Сарапшылардың бір бөлігі келер жылы Қазақстандық экономиканың  өсімі байқалатынын айтуда.  Олардың пайымдауынша келер жылы экономиканың даму қарқыны биылғыға қарағанда баяулайды – небәрі 3-3,5 пайыз көлемінде болмақ. 

Мәселен, экономист Айдархан Құсайынов 2019 жылғы перспективаларға оптимистік тұрғыда қарайды. Оның айтуынша, теңгенің құнсыздануынан соң мұнай бағасының төмендігі бұрынғыдай қатты сезілмейді. 

 Дегенмен, сарапшылардың дені негативті сценарийге көбірек ойысады. Бұған ең әуелі жаһандық деңгейегі макроэкономикалық факторлар әсер етпек. Бұл ұлттық валютамыздың бағамына да әсерін тигізбек.  2019 жылы экономист мамандар теңгенің долларға шаққандағы бағамы 400-ге жету мүмкіндігін ескертіп отыр.  

  Бірқатар талдау орталықтарының зерттеулері бойынша, 2019 жылы әлемдік мұнай нарығын коллапс, яғни күйреу күтіп тұрған секілді. «Қара алтынның» бағасын қалайда құлатуға барын салып жатқан АҚШ президенті Дональд Трамп әсіресе мұнай картелі – ОПЕК ұйымына қарсы қысымын   күшейтті.  ОПЕК - әлемдегі мұнайдың бағасын реттеп отыру мақсатында құрылған мұнай өндіруші елдердің жабық клубы. Бірақ, оның ішінде бірлік жоқ. Алдыңғы жылдары Ресейдің экономикасын әлсірету үшін Сауд Арабиясы бастаған топ АҚШ-тың айтағына көніп, мұанй өндіру көлемін күрт көбейткен болатын. Нарықтағы қара алтынның шектен тыс көбеюі бағаның құлдырауына ұласты. 

Қазір АҚШ дәл осы сценарийдің қайталануын талап етіп отыр. Трамп мұнай өндіру көлемін арттыруға қарсылық білдірген ОПЕК мүшелеріне қарсы санкцияларды қолданатынын да ескертті.  

Бұл бір жағынан. Екінші жағынан алғанда, АҚШ пен Қытайдың арасындағы экономикалық текетірес күннен күнге ушығып барады. Екі ел біріне-бірі қатысты түрлі санкцияларды қолдануға көшті. Егер сауда соғысы осыменен тоқтамаса, келесі жылы Қытай тауар шығару көлемін күрт азайтып, бұл өз кезегінде шикізатқа деген сұранысты төмендетеді. Демек, Қазақстанның осы елге экспорты да анағұрлым азаяды. 

Мұның барлығын айтып отырғандағы басты себеп – 2019 жылы шикізаттың бағасы  да күрт арзандап, сұраныс та төмендеуі мүмкін. Демек, мұнай, газ және металл экспорттаудан айтарлықтай табыс түспейді. Бұл ең әуелі шикізатқа тәуелді Қазақстан, Түркіменстан секілді елдердің экономикасына ауыр соққы болмақ. 

   Әйткенмен, сарапшылардың бір бөлігі «Қазақстанның алдыңғы жылдарда жинақтаған қоры мұндай қиындықтан шығуға септігін тигізеді. Экономиканың дамуы баяулай түскенімен, елде дағдарыс болмайды» деп сендіріп отыр. Сөйте тұра «осы мезетті пайдаланып, экономиканы модернизациялауға мейлінше көңіл бөлу керек. Әйтпесе бұдан кейінгі жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыс отандық экономикаға күйрете соққы беруі мүмкін» деген болжамдар айтылып жүр.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер