Нұрлан Тілеш халыққа қызмет көрсетуші ме? Халықты қорлаушы ма? (видео)

16188961939046833.jpg

Бұрынғыдай емес, қазір басшының алдына кіру деген оңай шаруа емес. Алдын-ала жазылып, айлап-жылдап күтіп барып қана кіресіз. Егер кірсеңіз, қуаныңыз. Сіз бақытты жансыз. Себебі, сол күйі кіру бақыты бұйырмай, іштегі шерін шығара алмай кеткендер қаншама! 

Басшыны тірідей көру неге қиын? Бірінші себеп, оны сіз секілді көргісі келетіндер саны өте көп. (Егер қала әкімі, облыс әкіміне кіргіңіз келсе) Саусақ түгілі шашыңыздың саны жетпеуі мүмкін. Осының салдарынан кезегіңіз жетпей арманда кетесіз. Бірақ, нақты себебін білген соң, бұған онша ренжи қоймайсыз. «Келесі жолы кірермін» деп іштей жоспар құрасыз. Бәрінен бұрын өзекті өртейтіні, сізді қасақана кіргізгісі келмейтіні. Бастыққа кіргізбей жылы сөзбен алдап-сулап шығарып салса мейлі ғой, сізге айқайлап, сыртқа шығарып жіберсе қалай ашуланбайсыз? Қалай сағыңыз сынбайды?

Міне, дәл осындай жағдай Шымкент қаласында орын алды делінген ақпарат шықты. Нақтырақ айтсақ, бүгін Шымкент қаласы, Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов халық алдында ит жылында атқарған жұмыстары жайлы есеп берді. Жиында ауданға қарасты 282-283 квартал тұрғындарының төрағасы, қоғам белсендісі Арман Алпысовқа сөз кезегі тиіп, халық алдында еркін көсілді. Ауданда қордаланып қалған мәселелерді көтеріп қана қоймай, ол аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш жергілікті тұрғындарға жабайы қылық көрсететінін айтты. Яғни, шағымын арқалап келген тұрғындарды Нұрлан Тілеш желкесінен ұстап, кабинеттен итеріп шығарып тастайтын көрінеді. Содан әлгі тұрғын телефонын қосқанда Н.Тілеш күзетшіні шақырып, тұрғынға шығар есікті көрсеткен. Бұл халыққа қызмет көрсетушіге тән қылық па? Адам құқығы тапталып, моральды қорлау болған жерде ел еңсесі қалай тіктелмек? Намыстары тапталған тұрғындар енді тиісті жерге Н.Тілештің үстінен арыз жазбақ. Осы оқиғаны жүйелеп баяндаған Арман Алпысов аудан әкімі Б.Пармановқа сұрақты төтесінен қойды: 

– Сіздің орынбасарыңыз осындай әрекетке барса, басқа қызметкерлеріңізден не күтуге болады? – деп. Аудан әкімі:

– Біз таңғы сағат 9-дан 10-ға дейін, дүйсенбіден жұмаға дейін келген тұрғындарды қабылдауға міндеттіміз. Бүгінге дейін 800-ге жуық адам келді. Мен бәрін арнайы бөлмеде өзім қабылдаймын. Ал, енді сіз айтқан жағдайға дәлел болса, мен онымен айналысамын. Бірақ, келген азаматтарды желкеден ұстап «біз қабылдамаймыз» деп қуып шықты деген әңгімені бірінші рет естіп тұрмын, - деп мүдірмей жауап берді. 

Біз Арман Алпысовпен сөйлесіп, осы «желкеден ұстау» жөнінде сұрадық. А.Алпысов бұл оқиғаға қатысты видео Ютуб арнасында бар екенін айтты. Назарларыңызға Нұрлан Тілештің қабылдауына телефонмен кірмек болған қоғам белсендісінің видеосын ұсынамыз.

    

  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер