"Сіздің жұмысыңызға халық атынан қояр бағам - едендегі плинтустан төмен" (видео)

e79919fdf7df92949dad7112c65a90199.jpg

Бүгін Шымкент қаласы, Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов халық алдында өткен жылы атқарған жұмыстары жайлы есеп берді. Жиында аудан тұрғындарының көпшілігі нақты мәселе қозғамай, Пармановтың жұмысына жоғары баға беріп жатты. Бірақ, аудан әкімі «сұраққа көшсеңіз» деп мақтауды сүймейтінін қайта-қайта көрсетті. Міне, осы тұста Құрсай мөлтек ауданы, 283,282 квартал тұрғындарының төрағасы, қоғам белсендісі Арман Алпысовқа сөз кезегі тиіп, ол аудан әкіміне нақты бағасын бергісі келді:

– Сіздің атқарған жұмыстарыңызға 283, 282 квартал бойынша халықтың атынан қояр бағам өте төмен. Едендегі плинтус бар ғой. Міне, сол плинустан төмен. Неге деп сұрайсыз ба? Өйткені, біздің кварталда ішетін су жоқ. Әшейін ішетін су жоқ. Адам деген күніне 3 литр су ішу керек. Осыған байланысты біз көршілермен бірге қала әкімінінің атына, сізге де бірнеше рет арыз жаздық. Ешқандай нәтиже жоқ. Одан кейін сіздерге арнайы ұсыныс хат жаздым. «Еш болмаса водовоз көлігін жүргізіңіз немесе колонка қойып беріңіз» деп. Оны да шеше алмадыңыз. 

Жарық мәселесі бойынша, бізде жекеменшік трансформатор. Жарық жиі сөнеді. Бізде бір жағдай болды: өрт шығып бір үй өртеніп, келген өрт сөндіруші көлік саз-балшық жолдан өте алмады. Себебі, жолға төселген тастың ені – 3 метр. Ол жерге өрт сөндіруші көлік сыймайды, - деп аудандағы қордаланып қалған көптеген мәселелерді тарқатты. Аудан әкімі Б.Парманов энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жаманкөзден жауап беруін өтінді. Басқарма басшысы орынбасары А.Алпысовты уәдемен «тойдырмақ» болып еді. Қоғам белсендісі бұл уәдеге қанағат қылмай, «жұмысты нақты қашан бітіресіңдер?» деп тықсырып ала жөнелді. Нұрлан Жаманкөз тығырыққа тіреле бастады. А.Алпысов күшейіп бара жатқан соң, Б.Парманов ашулы үнмен:  

– Сіз прокурор емессіз, тергеуші емессіз. Сіз ғана сөйлей бересіз бе? Біз де сөйлейік, - деп ауыз суға қатысты жауап берді. Ол ауыз суға жауапты маманға:  

– Біз протоколға енгізіп, қаржы бөлдіртіп, міндетті түрде суды тасымалдауды қамтамасыз етуіміз керек. Демеушілер бір рет, екі рет тасиды, болды, одан ары тасымайды. Осы үшін қаржы жағын қарастырып беріңіз. Бұл кісілер әр жерден жағымсыз су ішіп жатыр. Ертеңгі күні ауру тарап кетсе біз тікелей жауапты боламыз. Сіз айтып жатырсыз, бюджеттен қаржы қаралмай жатыр, мүмкіншілік жоқ деп. Менің де мүмкіншілігім жоқ. Не істеуіміз керек? Дұрыс көзқараспен қараңыз. Мекемелер бар бізде... Бір-екі автокөлік табайын. Бірақ, жыл он екі ай қамтамасыз ете алмаймын ғой. Сіз бізге жәрдем беріңіз, - деп ұсынысы мен өтінішін білдірді. 

Ал, А.Алпысов бұнымен қоймай, кварталдағы қоғамдық көліктер мен сапасыз жол мәселесін көтерді. Оның айтуынша, жолдар өте сапасыз. Жолға төселген тастан балшығы көп. Жауынды күндері миы шығатын мұндай сапасыз жолдарды тиісті мамандар қалай қабылдап алған? Міне, осы мәселені қоғам белсендісі белінен қойды. Бұған қатысты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Турханов барынша жауап берді. Қоғамдық көлікке қатысты ол тиісті мекемеге шара көретіндерін айтты. Дегенмен, ол жол мәселесіне келгенде еркін шаба алмай, қипақтай берді. Ең соңында «бүкіл Шымкенттің көшелеренің тасына біздің шамамыз да, ақшамыз да жетпейді» деп құтылды. 

Аудан әкімінің ұсынысымен жолға қатысты комиссия құрылатын болды


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер