Тұрғындар Қаратау ауданы әкімінің жұмысын жоғары бағалады

50247575_2345295885480410_6648164909517373440_n.jpg

Шымкент қаласында құрылғанына көп болмаған ең жас аудан Қаратауға қарасты ауылдарда жылу, жарық, ауыз су, жол саласында атқарылар жұмыс көп. Сәрсенбіде аудан әкімі Исамуддин Қантөреевтің тұрғындармен есепті кездесуінде осы жұмысқа байланысты сұрақтарды көптеп қойды. 

Сайрам ауылындағы №71 мектептің акт залына жиналған 300-ден аса көпшіліктің алдында әкім жиналысты тура 11.00-де бастап, жарты сағаттай бір жылдағы ақтарылған жұмыстардың есебін баяндады. Жарыссөзге шыққан азаматтар аудан әкімінің жұмысын жоғары бағалады. И.Қантөреев депутаттарға тыныштық бермейтінін, ол депутаттарды халық игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырудан шаршамайтынын айтты. Бұдан кейінгі сөз кезегі тұрғындарға берілді. 

Сайрам тұрғын алабынан сайланған мәслихат депутаты Құсан Ахметханов: «Бізде ауыз су мәселесі 11 жыл бойы көтерілуде. Үш рет республикалық бюджеттен 3 миллиард теңгеден артық қаржы жұмсалды. Бірақ, бүгінге дейін бірде-бір елді мекенде тәулігіне 24 сағат су берілмейді. Кәріз жүйесінің жұмысы да нашар. Арық, каналдарды тазартуды күн тәртібіне қойсаңыздар» деген тілегін білдірді.  

Әкім алдымен ауыз су мәселесі бойынша «Евросервис» ЖШС мекемесі жұмыс істеп жатқанын алға тартты.  Келер жылдың соңына дейін 3000 абонентке ауыз су беруге уәде етті. Қуаныш Әбдірахманов  деген қария күніне 3-4 рет жарықтың өшетініне наразалығын  білдіре отырып «Сайрам ауыл округі бойынша 58 трансформатордың жартысы жекеменшіктің қолында. Бұзылған сайын оны әр монтер келіп жөндейді. Осыны бір жақты шешу керек» деді.  Мадина Әбілханқызы деген тұрғын Сайрам, Өтеміс, Шапырашты ауылдарының мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жүргізілу керек деді. 

Қызылсу, Мәртөбе, Өтеміс сынды ауылдарға қаладан қоғамдық көлік аз қатынайды. Жақында  жаңадан 300 автобус келсе бұл ауылдарды көлікпен қамтимыз деп әкім уәде берді.

«Тұран» мөлтек ауданында өткен жылдың желтоқсанында ипотекалық бағдарламамен көпқабатты тұрғын үй берілген. Тұрғындар желтоқсан, қаңтар, ақпан айындағы төлемдерін төлеп қойған. Бірақ, әлі күнге газ, жарық, су жоқ. Жолдың «жыры» айтпаса да түсінікті. 

Жиында көпшілік қойған сауалдарға Шымкент қалалық әкімдігінің басқарма қызметкерлері жауап беріп отырды. Әкім ауданда 24 елді мекен болса, соның бәріне кезең-кезеңмен су, жарық, жол тартуға уәде етті. И.Қантөреев барлық мәселені кезең-кезеңмен шешетінін жеткізді. 

Қысқасы, тұрғындар аудан әкімінің жұмысына көңілдері толатындарын айтып, ізгі тілектерін білдірді

Айта кетері, ол Қаратау ауданының әкімі қызметіне тағайындалғанына енді алты ай толғандықтан оның жұмысының нақты нәтижесі келер жылы белгілі болмақ. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер