Н.Назарбаев: Қаржы министрі әдетте премьер-министрдің орынбасары

Screenshot_2.jpg

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық министрді орындарынан ығыстырып, қаржы министрі Әлихан Смайыловқа орын тауып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаевқа қаржы министрінің шетте отырғаны ұнамады. Президент барлық министрді орындарынан ығыстырып, Әлихан Смайыловқа орын тауып берді. 

"Қаржы министрі ең шетте отырмауы керек. Оның орны – вице-премьерден кейін. Қаржы министрі әдетте премьер-министрдің орынбасары. Оны қайда отырғызғаныңды қарашы (үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа қарап). Хаттаманы кім толтырады? Орныңнан тұр да, бері кел. Қожамжаровтан бастап барлығың бір орынға жылжыңдар. Міне, оның орны. Біздің осындай қарым-қатынасымыздан, қаржы жағы ақсап тұр", — деді Назарбаев зал отырғандарға.

Айта кетсек, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, осы жылға міндеттер айқындалды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қайта құрылды – ҰҚК мәлімдеме жасады
  • Саида Мирзиёева Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымын иеленді
  • СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстан мен Қытай басшылары 24 құжатқа қол қойды
  • Таяу Шығыстағы шиеленіс: Дубайдан қазақстандық туристерді жеткізген екі ұшақ Алматыға қонды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер