Спорт басқармасының басшысы қамауға алынды

Screenshot_1.jpg

Ақтау мамандандырылған тергеу соты пара алды деген күдікпен Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысын қамауға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Нұрбек Жұмабекұлы Қарабалаевқа қатысты он тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау қанағаттандырылды", - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен.

29 қаңтарда  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Нұрбек Қарабалаевты ұстаған болатын.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, басқарма басшысы ірі көлемде пара алған. Шенеунікке заңсыз сыйақыны кім және не үшін бергені нақтыланбады.

Нұрбек Қарабалаев Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына 2017 жылдың соңында келді.

Бұған дейін, 2006 жылы қарулы күштердегі қызметін аяқтағаннан кейін Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінде жұмыс істеді.

2013-2017 жылдары "NAIZA FIGHTER" кәсіби спорт клубын басқарған. Басқармаға басшылық қызметке тағайындалар алдында, 2017 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Министр ел бюджетінің донор өңірлерін атады
  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Украина Президенті Түркияға барды
  • LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер