Назарбаев мерзімінен бұрын президент сайлауы туралы мәлімдеме жасады

Screenshot_1.jpg

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысын мерзімінен бұрын сайлау өтпейтінін мәлімдеді.

Ол өзінің Конституциялық Кеңеске үндеуін күнделікті мәселе екенін түсіндірді.

"Әрине, барлығын сайлау, билік транзиті және тағы басқа нәрселер қызықтырады. Конституцияны, президент туралы заңдарды оқып шығыңыздар. Онда қашан сайлау болатыны, қашан мерзімі аяқталатыны нақты жазылған. Иә, президенттің мерзімінен бұрын сайлау өткізуді жарялауға заңды құқы бар, бірақ бұл бізге қауіп төндірмейді. Сондықтан сабыр сақтап, дұрыстап жұмыс істейік", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның мәлімдемесі Ақордаданың Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық Кеңеске Конституцияның 42-бабының 3-тармағын түсіндіру туралы өтініш білдірді, әңгіме мемлекет басшысының өкілеттіктерін тоқтату шарттары туралы болды.

"Конституциялық Кеңеске өтініш білдіруіме байланысты қысқаша жауап берсем деймін. Бұл мемлекеттің өте қарапайым мәселесі.

Конституция қабылданған 1995 жылдан бастап Конституциялық Кеңеске 220 өтініш жасалды, оның 22-і менің президенттік өтінішім. Бұл қалыпты процесс, заңдарда кемшілік болады, - деп түсіндірді Назарбаев.

Ол жұрт неліктен Конституцияда мемлекет басшысы қандай жағдайда қызметінен өз еркімен, яғни отставкаға кетуі мүмкін екені нақтыланбағанын сұрайтынын атап өтті. 

"Бұл (пункт) жоқ. Әлемдегі барлық конституцияда бұл бар. Осыған байланысты мен Конституциялық кеңестен осыны түсіндіруді сұрадым", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Ол Конституциялық кеңеске тағы да бір өтініш берілетінін айта кетті. Ол әкімшілік жазаға тартылғандарды мәжбүрлі еңбекке жіберу мүмкіндігін қарастыруға қатысты борлады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп 2037 жылға дейін президент болуы мүмкін
  • Қазақстан АҚШ-қа Алматыдан 49 жылға жалға жер береді
  • Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді
  • Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге тыйым салды
  • АҚШ Джон Кеннедидің өліміне байланысты құжаттарды жариялады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер