2020 жылы саяси партияларға бюджеттен қанша теңге бөлінеді?

парткз.jpg

Биыл (2020 жылы) саяси партияларды қаржыландыру үшін қазынадан тоғыз миллион екі жүз елу сегіз мың жүз қырық теңге бөлінеді (9 258 140 000). Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі MALIM.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қаражат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 11 бабыбының 1) тармақшасына сәйкес және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 18-1- бабының 3-тармағы негізінде беріледі.

Бұл ақшалар Қазақстанда тіркелген барлық саяси партияларға беріледі деген сөз емес. Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісінен сайлауда орын алған саяси ұйымдар ғана ала алады. Және жеңімпаз партиялар жыл сайын алып отырады. Келесі сайлауға дейін.


Бір адамның дауысы қанша тұрады?

Сайлаушылардың бір дауысы сеніммен қатар саяси партияға қаражатта алып келеді. Қазақстандағы минималды еңбекақының 3% бір дауыстың құны. Мәселен биыл елімізде минималды айлық қырық екі мың бес жүз теңге (42 500). Яғни бір дауыс мың екі жүз жетпіс бес теңге (1275) тұрады.

2016 жылы кезектен тыс өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына алты саяси партияның түскені белгілі. Олар: Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Nur-Otan» халықтық демокартиялық партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы және «Бірлік» партиясы.

Естеріңізге салай кетейік, «Nur-Otan» халықтық демокартиялық партиясы – 82,15%, «Ақ жол» демократиялық партиясы – 7,18 %, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы – 7,14 % алған еді. Қалған үш саяси партия екі пайыздан аса дауыс жинай алмай қалды.

Сол бір саяси додада «Nur-Otan» халықтық демокартиялық партиясы үшін алты миллион жүз сексен үш мың жеті жүз елу жеті сайлаушы дауыс берген (6 183 757). Демек билік партиясы биыл бюджеттен жеті миллион сегіз жүз сексен төрт мың екі жүз тоқсан теңге жүз жетпіс бес тиын (7 884 290 175) алады.

«Ақ жол» демократиялық партиясына бес жүз қырық мың төрт жүз алты мың қазақстандық өз дауысын (540 406) берген. Азат ПЕРУАШЕВ басқаратын саяси ұйым биыл өз бюджеттерін 689 017 650 теңгеге толықтырады.

Бес жүз отыз жеті мың жүз жиырма үш мың (537 123) адамның қолдауына ие болған Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы 684 831 825 теңге алатын болады екен.

Орталық сайлау комиссиясының «Саяси партияларды қаржыландыру» ережесіне сәйкес республикалық бюджеттен бөлінген қаражат партиялардың екінші деңгейдегі банктерде ашылған жекелеген шоттарына түседі.


Бұл қаражатты не үшін пайдалану болмайды?

Бюджет қаражатын саяси партиялар сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуге және сайлауалды көпшілік шараларын өткізуге, үгіт материалдарын шығаруға, кандидаттардың көлік шығындарын өтеуге, сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүргізуге, қайырымдылыққа пайдаланбайды, қаражат партия мүшелері арасында бөлінбейді.

Бюджет қаражатын пайдалануда саяси партиялардың бюджеттік және басқа да заңнаманы бұзғандығы анықталған жағдайда, ағымдағы жылы республикалық бюджеттен саяси партияны қаржыландыру үшін қаражат бөлу тоқтатылатын болады.

Жалпы Қазақстанда саяси партиялардың бюджеті туралы ашық айтылмады. Және олардың интернет рессурстарынан қандайда бір ақпарат табу қиын. Партия мүшелерінен түсетін жарнаның ақшасының есебі де жария түрде айтылмайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер