Перуашев зейнетақы мен жәрдемақыны басқаша есептеуді талап етті

Әлеуметтік төлемдерді белгілегенде тұтынушылық қоржынды есепке алу қажет. Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

191221150651247a3596959i.jpg

"Біз зейнетақы, минималды жалақы және тағы басқа төлемдерді есептегенде ең төменгі айлық көрсеткіш сияқты шартты көрсеткіштерден бас тартуымыз қажет. Бұны талай рет айтқанбыз. Ең төменгі айлық көрсеткіш деген не? Бұл – ауадан алынған цифр", - деді ол. 

Перуашевтің сөзінше, әлеуметтік төлемдерді санағанда тұтынушылық қоржынды есепке алу қажет. Оған бір адамға жететін минималды азық-түлік жиынтығы, коммуналдық шығындар және қоғамдық көлікке кететін ақша кіреді. 

"Өркениетті елдерде тұтынушылық қоржынға мәдени демалыстың шығындары да кіреді. Мысалы, театрға баруға кететін ақша бар. Бұдан бөлек, киім-кешек алу қажет. Осының бәрін есептесек, еліміздегі нақты күнкөріс деңгейін шығара аламыз", - деді депутат.  

Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың өздері белгілейтін ең төменгі айлық көрсеткіштің салдарынан көптеген азамат кедейшілік шегінен аса алмай жатады. Бұны 42 500 теңгені тарату науқаны ашық көрсетті. Миллиондаған адам ақшалай көмекке зәру болып қалды. 

"Сол себепті осындай ең төменгі айлық көрсеткіш сияқты абстрактылы ұғымдардан бас тартуымыз қажет. Оны нақты өмір сүру деңгейі мен талаптарына сай келтіру керек", - деді Перуашев. 

Еске сала кетсек, бұған дейін президент халыққа жолдауында қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін 2021 жылдан бастап пайдалана алатынын айтқан еді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер