ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесімен бірлесе ұйымдастырған "Тәуелсіз елімді жырлаймын" атты аудандық ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Мүшәйра мақсаты тәуелсіз еліміздің тарихын, тәуелсіздігін жырлауға, бүгіні мен болашағын жырға қосу, өлең-жыр арқылы көрсетуді көздейді.
16 үміткер Алаш арманы, Тәуелсіздік шежіресі, халықымыздың тағдыры мен тарихы, бүгіні мен болашағы, отыз жыл ішіндегі асқан асуларымыз мүшәйраға қатысқан туындылардың өзегі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шығарма, еркін тақырыпта жазған шығармаларымен сайысқа түсті. Қазылар алқасында ҚР Журналистер Одағының мүшесі ақын, Білім беру ісінің үздігі Тұрсынбек Тұрапбеков, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ақын, Сайрам аудандық «Мәртөбе» газетінің редакторы Нұрғиса Төремұратов, Сайрам аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Роза Әбдіжаппарова мүшелік етті. Ауданымыздан шыққан ақындарымыз,туған жерге деген отаншылдық рух пен сүйіспеншілік сезімімен, өлең-жырларымен Тәуелсіздікті болашаққа жеткізуді мұрат етіп, ойы терең, рухты, бояулы жырларымен қуантты.
Бүгінгі байқаудың Бас жүлдесін Еркебұлан Әбдірахман, І орын Алмат Ораз, ІІ орын Айтбозым Мұратбеков, ІІІ орын Дайрабай Даулетов иеленді. Сонымен қатар Орынкүл Тынымова "Жаңашыл ақын",Тәнімгүл Шонтыкова "Сезімтал ақын", Асаутай Тұрғамбаев "Ойлы ақын" номинацияларымен марапатталды.