​ «Қорқақтар!» - Назарбаев шетелге қашып кеткен оппозиционерлер туралы айтты

Нұрсұлтан Назарбаев шетелде жүріп, Қазақстан билігін сынға алатын оппозиционерлер туралы сұраққа жауап берді. Экс-президент оларды қорқақ деп атап, өзіне тікелей талап қоюды ұсынды.

Елбасы.jpg

- Кем дегенде біреуін (оппозиционер – редакция ескертпесі) атаңызшы, жай көшіп, сол жерде (шетелде – редакция ескертпесі) тұрып жатқан. Жоқ, бәрі қашқын, – дейді экс-президент.

Назарбаев ол адамдарды "көтеріп", "банкирлер, министрлер" қылғанына әлі өкінетінін айтады, ал олар болса ақша ұрлап, қашып кеткен.

- Сатқындар ешқашан жақсы болмайды. Себебі олардың ішінде құрт бар, олар не істегенін, оның дұрыс емес екенін, өз елі мен халқына қарсы сөйлегенін түсінбейді. Ол әрдайым өз елінде, өз халқының арасында дау-дамай болғанын қалайды. Бұл жақсы нәрсе ме?, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының пікірінше, “сатқындар” өздеріне тиесіліні алады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Президент заңға қол қойды: Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне өзгеріс енгізіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер