«Неге жұрт үш жиеншарымның әкесін түрмеге отырғызғанымды ұмытты?» - Назарбаев

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев америкалық режиссер Оливер Стоунның "Qazaq. История Золотого человека" атты сегіз сағаттық деректі фильмінде Рахат Әлиев туралы сұраққа жауап берді.

Елбассы.jpg

- Бұл менің үлкен қатем. Ол қаржы полициясының басшысы болды. Осы жағдайын пайдаланып, бизнесті тартып алды, ақша жинап, алып қойды. Оған бірде "Тоқта" дегенмін. Өзіңіз ойлап көріңізші, менің күйеу балам. Үш жиеншарым бар. Қызым, үш жиеншарым және оның әкесі бар, келді... Мен "Мен не істей аламын? Ол - қылмыскер" деп жауап бердім, - деді Тұңғыш Президент.

2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаев туыстарының Рахат Әлиев ісіне қандай көзқараста болғанын айтып берген еді. 

- Неге жұрт үш жиеншарымның әкесін түрмеге отырғызғанымды ұмытты? Анасымен бірге жылап маған келмеді деп ойлайсыздар ма? Келді. Уайымдамады дейсіздер ме? Әрине, уайымдадым. Бірақ мұның анық екенін, шектен шыққандық екенін түсінгенде тоқтай алмадым. Туыстар жиналды, бәрі көндіруге тырысты: "Бәрі өз қолыңда ғой, жаба салсаң қайтеді". Барлық туысыма, балаларыма, достарыма ешкім құтылмайтынын ескерттім, - деген еді Елбасы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте реализуются проекты по повышению качества жизни населения
  • Шымкентте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда
  • Парманов Шымкент қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды
  • Жасы үлкен студенттер саны бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұр
  • В Шымкенте запущена подстанция «Ақжар»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер