Сайрамда ауыл әкімдері сайланды

Screenshot_3.jpg

Сайлау арқылы халық өз таңдауын жасай алады. Бүгінде халық өздеріне ұнайтын азаматты әкім етіп тағайындап, әкіммен бірге жұмыс атқара алады. Бұның халыққа берері мол болмақ. Осы әдіс Сайрам ауданында жоғары қарқынмен жүзеге асуда.

Жақында Сайрам аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 25 маусым күні шешім қабылдады. №55 шешім бойынша, тура 1 айдан сң, яғни 2021 жылдың 25 шілдесіне Сайрам ауданы,  Жібек-Жолы ауылдық округінің әкімі, Қарамұрт ауылдық округінің әкімі және  Құтарыс ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтеді. 

Саяси маңызы бар науқанға байланысты, «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының кезектен тыс XLV конференциясы онлайн режимде өтті. Күн тәртібінде бір ғана мәселе - ауылдық округ әкімдерінің сайлауына партия атынан ұсынылатын кандидаттарды бекіту мәселесі қаралды. 

Конференция барысында Қарамұрт және Жібек жолы ауылдық округі әкімдеріне үміткер ретінде 6 кандидат ұсынылып, дауысқа қойылды. Дауыс беру нәтижесінде, «Nur Otan»  партиясынан Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылдық округі әкіміне кандидат болып Нажиев Маъмуржан Сентябрович, Жібек жолы ауылдық округі әкіміне үміткер болып Тураров Алмас Мейрбекович  бекітілді. 

Қазіргі таңда ауылдық округ әкімі болуға ниетті азаматтар аумақтық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсыруда. Қандидаттардың құжаттарын қабылдау, тиісті органдар тарапынан тексеруден өткізіп, тіркеу жұмыстары 14 шілдеге дейін жалғасады. 14 шілде мен 24 шілде аралығында үміткерлер үгіт насихат жұмыстарын жүргізеді. 24 шілде тыныштық күні. 25 шілде таңғы сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін сайлаушылар өз кандидаттарына дауыс береді. Бүгінгі күнге Құтарыс ауылдық округінде–2770, Қарамұрт ауылдық округінде -10425, Жібек-жолы ауылдық округінде  – 3558 сайлаушы бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер