Сайрамда жолдар жөнделіп ретке келтірілуде

Screenshot_11.jpg

Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау - уақыт күттірмейтін мәселе. XXI ғасырда өмір сүру сапасы артып жатқанда, тек қала емес, ауыл тұрғындарына да қолайлы ортада өмір сүру мүмкіндігін болғаны абзал. Қарапайым ғана жол, су, жарық, жылу сынды жүйелер әрбір ауылда қолжетімді болғаны жөн. Сонда ғана тұрғындар бұл мәселелерге алаңдамай өз шаруаларымен алаңсыз айналыса алады.

Осыған орай биыл Сайрам ауданында «Ауыл - ел бесігі»  бағдарламасы және аудандық  бюджет есебінен 6 ауылдық округіндегі 42,1 шақырым болатын 25 көшенің орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп,  елді мекен көшелерінің үлесі 52 пайыздан  58 пайызға жақсарады деп күтілуде. Ал аудандық маңызы бар жолдарға келсек, 2020 жылы аудандық маңызы бар КХSR-11 «КХ-3 Көксәйек-Шаян-Аққала-Сарқырама» автомобиль жолының 5,3-10,6 шқ аралығын күрделі жөндеу нысаны бойынша сметалық құны 484 744,0 мың теңге. 2021 жылға аудандық бюджет есебінен 136 млн 867 мың теңге қаралып соның 40 млн теңгесі игерілген. Аталған нысан жыл соңында пайдалануға беріледі. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанырлық жағдайы 71,4 пайыздан 79,7 пайызға жеткізу жоспарлануда.  Бұл туралы аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мырзахан Батырбекұлы арнайы өткізілген брифингте мәлімдеді. 

Сайрам ауданындағы 140,5 шқ аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға -12 млн теңгеге қаржы қаралып мердігер мекеме «Atlant Salt» ЖШС анықталды.

Сонымен қатар, аудандағы 16 бағдаршамдарды күтіп ұстау жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 4 млн теңге  қаржы қарастырылып мердігер мекеме «USM Holding» ЖШС анықталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер