Сайрамдық шаруалар биыл өнім алуда рекорд орнатпақ

Screenshot_9.jpg

Биыл жыл ауыр басталды. Көктемдегі жауын-шашынның дұрыс болмауынан шөп көтерілмей, шаруалар қиындыққа кезікті. Әсіресе мал шаруашылығымен айналысатындар төрт түліктеріне азық тауып бере алмай бастары қатты. Кей облыстарда мал арып-ашып, қырылды. Осы мәселені шешу мақсатында республиканың түкпір-түкпірінде түрлі шаралар қолға алына бастады.  Осыған байланысты Түркістан облысын мал азығымен қамтамасыз ету және астық ору науқаны бойынша Қазығұрт ауданында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен семинар-кеңес өтті. Оған облыс көлеміндегі барлық аудан қала әкімдері мен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары қатысты. Ал жиында сөз алған Өмірзақ Естайұлы биылғы қуаңшылық кезеңінде Бәйдібек ауданы өздеріне қажетті жем-шөп мөлшерін 90 пайызға жуық  орындап отырса керісінше кей аудандар 20 пайыз ғана жинап үлгергендігін жеткізді. Сондықтан осы мәселені талдай отырып шешу бағыты талқыланды. Бұл тұрғыда баяндама жасаған Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша өңірдің жалпы жем-шөп қажеттілігі 3 млн  900 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда сол меженің 40 пайызы жиналып үлгерген.

Сайрам ауданы Түлкібас, Төлеби секілді таулы аудандарға жақын орналасқандықтан, ауыл тұрғындары шөптен аса тапшылық көріп жатқан жоқ. Аудан шаруалары қысқы мал азықтарын сайлап, өзге өңірлерге көмек көрсетуге дайын. Сонымен қатар Сайрам ауданы шөптен бөлек, түрлі дақылдарды да өсіріп жинауда. Сайрам ауданы бойынша 2021 жылдың өнімі үшін  күздік бидай - 17015 га, арпа 4000 га  егілген, оның ішінде 2345 га суармалы жерден шаруалар  егін жинау жұмыстарын бастады. Бүгінгі күнге Қарабұлақ ауыл округінде орналасқан  «Рабочий -1» өндірістік кооперативі 40 гектар суармалы жерден әр гектарынан 23 ц/га астық орып, 92 тн өнім алуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер