Ауыл - береке бастауы, ауыл - ел тірегі

Screenshot_8.jpg

Барлық берекенің бастауы - ауыл. Адам ауылда туып-өсіп, топырағынан нәр алды. Бүгінде қалада тұратын адамдарды да ауыл азаматтары азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Егер ауылда жағдай жақсы болса қалада да жақсы болады. Осыған орай күні-түні еңбек етіп халық алғысына бөленіп жүрген ауылдарды өскелең ұрпаққа насихаттау басты назарда. Ауыл өмірін насихаттап, тұрмысын көпшілікке көрсету арқылы қызығушылықты оятуға болады. Ауыл өсіп-өркендесе елдің әлеуметтік жағдайы артып, мемлекет экономикасы өсетін болады.

Ауылдарды көпшілікке таныту мақсатында ҚР Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай, аудан әкімі Ұ.Сәдібековтің бастамасымен ауданда «Ауыл – ел тірегі» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында Әр ауылда 10 күн бағдарламасы тұрақты жалғасып, оң нәтижелер көрсетуде. 

Аталмыш жобаның Онкүндігі Ақбұлақ ауылында жалғасын табуда. Осы орайда, аудандық мәдениет бөлімі, ауылдық округте біршама шаралар атқарумен қатар  ауыл тұрғындарының назарына кереметтей концерттік бағдарлама ұсынды. Ақбұлақ ауылының  әсем де көрікті орындарының  бірі, Ардагерлер саябағында  Қ.Жандарбеков атындағы  мәдениет үйі өнерпаздарының  ұйымдастыруымен   көңілді кеш өз орнын тапты.  Ашық аспан астында өткен кешке  Ақбұлақ ауылының әкімі М.Оразбаев  арнайы ат  басын бұрып, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Оспанов бастаған өнер ұжымына ауыл тұрғындарының атынан Алғысын жолдады. 

Осылайша "Ауыл - ел тірегі" жобасы аясында ауыл азаматтары мерекелік көңіл-күйге бөленіп, жұмысқа деген ықыласын одан әрі артуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер