Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында әрбір азамат туған жерін қадірлеп, өз азаматтарына көмектесу керектігін жазған болатын. Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясының төрағасы ретінде де әрқашан мұқтаж жандарға ел болып бірлесе қол ұшын созуды насихаттап келеді. Азаматтар бір-біріне қолдау көрсету арқылы өздерінің елдіктерін, татулықтарын өзгелерге үлгі етіп көрсете алады. Әрбір азамат мейірімді болса елімізде көптеген әлеуметтік мәселелер оң шешімін табады.
Жақында мейрімді азаматтардың арқасында Сайрам ауданында бірнеше әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасының мәселелері оң шешілді.
"Халық қайырымдылық қоры" "Астана" күні мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы бойынша 20000 отбасыға ал Түркістан облысына 2000 отбасыға екінші рет көмек көрсетуде.
Аталған қор Сайрам ауданы әкімдігімен бірлесе отырып аудандағы аз қамтылған, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған, кәмелет жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі балалары бар- 42 отбасы әр себетте 50 келіні құрайтын азық-түлік жиынтығымен қамтылды.
Атап айтқанда: Ақсукент ауылдық округінде-7 отбасы; Қарасу ауылдық округінде-3 отбасы; Ақбұлақ ауылдық округінде-2 отбасы; Қарамұрт ауылдық округінде-5 отбасы; Жібек Жолы ауылдық округінде-3 отбасы ; Манкент ауылдық округінде-7 отбасы; Қарабұлақ ауылдық округінде-11 отбасы; Көлкент ауылдық округінде- 1 отбасы; Құтарыс ауылдық округінде-1 отбасы; Қайнарбұлақ ауылдық округінде-2 отбасы көмекпен қамтылды.