«Олигархтар Олимпиадаға барып қыдырып қайтады» - қоғам қайраткері

19 млн ел болдық, ал жақсы. Енді сол не бары 19-ақ млн халықты 30 жыл бойы бай қыла алмай жүргеніміз несі. Бұл туралы қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан facebook парақшасында жазды.

Мұхтар Тайжан.jpg

Былай қарасаңыздар, бір үлкен қаланың саны ғой 19 млн деген – Пекин, Каир, Мехико секілді. Ал байлығымыз қанша? Уран, мұнай, газ, жайылымдар қайда кетті? Санаулы адамның қолында ғой!

- 30 жылда Біріккен Араб Эмираттар, Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея т.б. адам болды, байып кетті. Олар кезінде әлемнің ең кедей елдері болған ғой! Ал біз ше? Қаншама өндірісті жоғалтып алдық? Қашан адам боламыз осы? Әлде біздің де буынымыз коммунизмді күту керек пе? Бізде тек олигархтар ғана жақсы өмір сүреді, анда-санда Олимпиадаға барып қыдырып қайтады... Ал негізі сол 19 млн адам өте нашар өмір сүреді. Кедейшілік басым! Соны өзгертуіміз қажет, - дейді Мұхтар Тайжан.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер