«Олар қызымды өлтіргісі келеді» - Ақтөбелік ана Тоқаевқа видеоүндеу жолдады

2021 жылдың ақпан айында ақтөбелік келіншек "қызының жыныстық мүшелерін суретке түсірді" деп айыпталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Күдіктінің анасы қызы еш дәлілсіз 6 ай бойы қамауда отырғанын, ол жақта түрлі қысым көріп отырғанын айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады деп хабарлайды qamshy.kz.

Screenshot_1.jpg

– Құрметті, қазақ елі! Мен Ақмамық Нұрғалиева, Аида Жұмамұратованың анасымын. Менің қызым заңсыз түрде 6 ай бойы Ақтөбедегі №5 тергеу изоляторында жазықсыз қамауда отыр. Қызымның бұрынғы күйеуі оны 7 жыл бойы ұрып-соғып, қысым көрсетіп келген. Ал әлеуметтік желілерде блогерлердің көмегімен қызымды педофил деп айыптап, немеремнің жыныс мүшелерінің суреттерін желіде таратуда. Тергеу кезінде қызымның кінәсіз екені дәлелденгенімен, Ақтөбе қаласының прокуратурасы қызымды әлі бостандыққа шығармады. Түрмедегілер менің қызымды ұрып, оған психологиялық қысым көрсетуде. Қызымның өмірі үшін қорқамын, – дейді Жұмамұратованың анасы.

Ашынған ана  "әділеттілікке жете алмай қаламыз ба" деп қорқады. Сондықтан істі басқа облыстың прокурорларының қарауын сұрайды.

– Құрметті қазақстандықтар, маған көмектесулеріңізді сұраймын. Мен Ақтөбе прокурорларына сенбеймін. Қазірдің өзінде олар сотпен келісіп, осы істі сотқа беруді қарастырып қойған. Мен қызымның ісін басқа облыстың прокурорларының қарауын сұраймын, – дейді күдіктінің анасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Акмамык Нургалиева (@akmamyk.nurgalieva)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Президент заңға қол қойды: Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне өзгеріс енгізіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер