Ө.Шөкеев: Әрбір нысан халыққа қызмет етуі тиіс

Түркістан қаласында салынған жаңа экобазарда мобильді қосымшаның көмегімен сауда жасауға болады. Жаңа жүйеге жақын күндері іске қосылады. Мұнда Түркістан облысы мен басқа да облыс, қалалардың диқандары өз өнімдерін таяуда ашылатын заманауи экобазарда саудалай алады.

image.png

Фермерлер базары 14 га жерде орналасқан. Мұнда 900 сауда орны бар.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осы экобазарда болып, жай-күйімен танысты. Базар басшылығы мен осы салаға жауапты өкілдерге диқандар үшін қажетті жағдайды жасау жөнінде тапсырма берді. Бұл жабық базар барлық азық-түлік тауарлары көтерме бағамен сатылатын ең ірі сауда орталығына айналмақ.

Осы күні облыс әкімі шаһарда құрылысы қарқын алған бірқатар нысандарды аралап, құрылысшылармен жүздесті. Мердігер компания басшыларымен де кездесіп, жұмысты жауапкершілікпен атқаруды жүктеді.

Салынып жатқан жаңа нысандардың сапасы басты назарда тұруы тиіс екенін айтқан облыс басшысы құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды ескертті.

Тұрғын үй секторларындағы инженерлік-коммуникация инфрақұрылымы жүйесімен қамтып, абаттандыру мен көгалдандыруға, халыққа қолайлы жағдай жасауға күш салуды тапсырды. Облыс орталығының тазалығын сақтауға қатысты жауапты сала басшыларға нақты тапсырмалар берді.

Халықаралық әуежайға барар жолда жүргізіліп жатқан көгалдандыру барысымен бақылаған өңір басшысы қаладағы жаңа арбат пен гүлзарлардағы абаттандыру жұмыстарын пысықтады. Сонымен бірге «Алатау» медиа орталығында болған облыс әкімі халықаралық телеарнаның алдағы жоспарларымен танысты.

Шаһардың жаңа нысандарын аралау барысында облыс әкімі орталық стадион және оқушылар үйінің айналасында жүріп жатқан көгалдандыру жұмыстарын да зерделеп, мердігерлерге жұмысты ширатуды тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер