400 адамнан «қызыл» статус анықталды

Коронавирустық инфекциямен аурушаңдық соңғы екі аптада 1,5 есе, пневмония 2 есеге дейін төмендеген. Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Түркістан облысының барлық аудандарында байқалады.

image.png

Дегенмен, елімізде Ashyq мобильді қосымшасы арқылы үй карантиндік режимін бұзушыларды анықтау фактілері өсу үстінде.

Облыста аталған жүйе арқылы «қызыл» және «сары» статуспен 800-ге жуық жағдай тіркелді. Оның тең жартысы «қызыл» статустағылар, яғни вирус жұқтырғандар. Оларға әкімшілік шаралар көріліп, 6,2 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. «Сары» статуспен анықталған адамдарға ескерту қаулылары шығарылған.

Ashyq арқылы қоғамдық орындарға келген азаматтарды тіркеп, кәсіп иесіне коронавируспен ауырған адамдар туралы ақпарат береді. Мекеменің QR-кодын сканерлегеннен кейін келген адамның статусы түрлі-түсті форматта көрсетіледі. «Қызыл» статус – «қызыл»адам вирус жұқтырды деген сөз. «Сары» статус – келушінің ауру жұқтырғандармен байланыста болғанын білдіреді. Олар мекемеге кіргізілмейді.

Облыста карантин режимі талаптарының орындалуын бақылау бойынша мобильді топтармен мониторинг жұмыстары жалғасуда. Жыл басында жасақталған 131 мобильді топ 212 350 нысанды аралаған. МТ және аумақтық Полиция басқармалары қызметкерлері тарапынан түскен баянаттары негізінде объектілерге және жеке тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 4 208 хаттама толтырылды. Оның 95,6% жеке тұлғаға, қалғаны жеке кәсіпкерге, заңды тұлғаға. Жалпы айыппұл сомасы 239 322 565 тг. құрады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер