Браконьерлік -- қылмыс!

Screenshot_4.jpg

Түркістан облысында «Браконьер» іс-шарасы барысында 2 экологиялық қылмыс пен 140 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы аумағында браконьерлікті, биологиялық ресурс обьектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Ұйымдастырылған іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық қала-аудандық полиция бөлімдер мен басқармаларының табиғатты қорғау инспекторлары атсалысуда.

Жалпы іс-шараның 19 тәулігінде полицейлер,  2 экологиялық қылмыс пен 140 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтсақ, балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу бойынша 2 қылмыс тіркелген. Мысалы, Созақ аудандық ПБ-ның табиғатты қорғау инспекторы полиция капитаны Жомарт Атабаев, Құмкент ауылына қарасты «Ақжар» көлінің маңайында күдік тудырған «Нива» маркалы автокөлікті байқаған. Тексеру кезінде автокөліктің жүк салғышынан заңсыз ауланған балықтар табылды. Аталған жайт ҚК 335-бабы "Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау" бойынша тіркелді. Анықталған 3 күдікті азамат Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты. Олардан 42 келі сазан балығы мен 200 метр балық аулауға арналған тор тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сонымен қатар, анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша табиғатқа зиян әкелген тұрғындарға 1,5 миллионнан астам айыппұл салынған.

Түркістан облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, ІІО-да тіркелмеген 5 дана аңшы мылтығы, 1 дана электромотор, заңсыз ауланған 45 келі балық, 200 метрден астам қытай ау-торы, 1 дана жүзу құралы айғақты зат ретінде алынды. 2 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға ескертеді: табиғатты қорғау заңнамаларын бұзбаңыз, бұзған жағдайда қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз. Заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаш кесу, объектілер мен биологиялық ресурстар өнімдерінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жазасыз қалмайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер