Ғашықтарды тонағандар 3 жылға сотталды

Screenshot_5.jpg

Түркістан облысында ғашықтарды тонаған күдіктілер сотталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыдан бірнеше ай алдын, 2021 жылдың жазында Жетісай ауданында тонау қылмысы орын алған болатын. Қылмыс тіркелгеннен бастап, күдіктіні құрықтауға тәжірибелі полицейлер жұмылдырылды. Бүгінде бұл іске қатысты іс-шаралар аяқталып, іс сотқа жолданды. 

Нақтырақ айтсақ, Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне тонау қылмысының құрбаны болған жәбірленушілер арызданады. Егістік алқап жағасында көлікте отырған жәбірленуші жігіт пен қызға белгісіз екі ер адам келіп, ашықтан-ашық қолдарындағы ұялы телефондарын, қыздың қол сөмкесін тартып алып, оқиға орнынан бой тасалайды. Жәбірленушілердің айтуынша, күдіктілер телефон ішіне орналасқан банктік қосымшалар арқылы ақшаларында жаратып жіберген. Осылайша жәбірленуші қызға 150 мың теңге, жігітке 100 мың теңгедей шығын келтірілген. Аталған жайт аудандық полиция бөлімінің СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркеліп, тәртіп сақшылары күдіктілерді іздеуге кіріседі.

Оқиға орнына бірден полицияның жедел-тергеу тобы шығып, куәлардан жауап алып, жақын аймақтарды және тонаушылардың басқа баруы мүмкін жерлерді қарап шығады. Тәулік бойы үзіліссіз жүргізілген  жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жетісай АПБ полицейлері күдікті екеуді ұстады. Олар ауылдас, жас жігіттер болып шықты.

Анықталғандай, екі жас жігіт егістік алқабындағы жұмыстарынан шыққан сәтте, тоқтап тұрған көлікті көріп, алдын ала сөз байласып, оңай жолмен пайдаға  кенелмек болған. Күдіктілерден айғақты зат ретінде 1 ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. 

Бұл істі тергеу тергеуші полиция капитаны Оразхан Әтенге  жүктелді. Жауапкершілікті жіті сезінген тергеуші бірден әрекет етті. Тергеп-тексеру амалдары 1 апта жүргізілді. Барлық қажетті құжаттарды жинақтаған Оразхан, қылмыстық істі Жетісай аудандық сотына жолдады. 

Осылайша ғашықтарды тонаған 30 жас шамасында жігіттер  Жетісай аудандық сот үкімімен кінәлі деп танылып, оларға 3 (үш) жыл  мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және өз мүлкін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Тәртіп сақшылары мекемелер мен басқа үй-жайлардың иелеріне бейнебақылау камераларын, күзет дабылы мен терезелерге темір торлар орнатуды ұсынады. Егер сіз біреудің мүлкін тонаудың немесе ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер