«Shymkent Jastar ligasy» жеңімпаздары анықталды

Шымкенттегі жоғары және арнаулы оқу орындары арасында өткен спорттық дода өз мәресіне жетті. Жоғары спорт шеберлігі мектебінде «Shymkent jastar ligasy» жобасының қатысушыларына құрмет көрсетіліп, жеңімпаздар марапатталды. Жарыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып ұйымдастырылған болатын.

image.png

Дүбірлі доданың жабылу рәсімінде сөз алған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, аталған жобаның ауқымы кеңейіп, татулық пен достықты ту еткен біріншіліктің тартысты болғанын айттып өтті. Сонымен қатар, жүлдегер атанған жастарды жеңістерімен құттықтады. 

– Қала әкімінің қолдауымен өткен жылы Жастар лигасының бірінші кезеңін өткізген болатынбыз. Биыл жаңа оқу жылында жоғары және арнаулы оқу орындарынан да командалар жарысқа қатысуға ниет білдірді. Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, спорттың бұқаралығын арттыру. Аталған жарыс бақталастық емес, достық қарым-қатынасты нығайтуға сеп болады деп сенеміз, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Спорттық сайысқа жоғары және арнаулы оқу орындарынан жалпы 98 команда қатысқан. Олар футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорт түрлерінен бақ сынады. Тартысты дода нәтижесінде жеңіске жеткендерге кубок пен медальдар табысталды.

Салтанатты жиын соңында жас гимнастшылар өнер көрсетіп, іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер